«Ордабасы» украиналық қарсыласын ұтты

«Ордабасы» украиналық қарсыласын ұтты

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынында Украинаның «Агробизнес» құрамасымен бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ойынның 44-шы минутында Жоао Пауло қарсылас қақпасына ойынның жалғыз голын соқты. Айта кетейік, дәлі осы Пауло «Қазақстан Премьер Лигасы-2020» үздік бомбардирі атанған болатын.

Ойынның қорытынды нәтижесі бойынша «Ордабасы» украиналық «Агробизнесті» 1:0 есебімен ұтты.

Фото: ашық дереккөз