ҰОС ардагеріне 1 млн. теңгеден астам ақшалай көмек беріледі

ҰОС ардагеріне 1 млн. теңгеден астам ақшалай көмек беріледі

9 мамыр - Жеңіс күніне орай Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайынға бір реттік ақшалай төлеммен қамтылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Шымкент қалалық мәслихаттың шешімімен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласындағы 21 ҰОС ардагеріне Жеңіске қосқан үлесі үшін жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК, яғни 1 050 120 теңге көлемінде қаржы аударылады. Сондай-ақ шахардағы 3300 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңге 4 тиын есеп шоттарына түседі, - деді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы 82 мыңнан аса зейнеткер бар.

Фото: ҰОС ардагерлері - 2020 жыл