​Отбасы – қоғамның берік іргетасы

​Отбасы – қоғамның берік іргетасы

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отбасы құндылығы: кеше және бүгін» тақырыбында ашық есік күні өтті. Шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ қоғамда отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеу болды.

Іс-шараға Әжелер кеңесі, Әділет басқармасы, Жас отбасылар кеңесі, медиаторлар, орталықтың заңгерлері, «Аманат» партиясының өкілдері, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары мен Полиция департаменті бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға отбасылық құқық, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және тұрмыстық жанжалдарды шешу жолдары бойынша жан-жақты кеңестер берілді. Мамандар құқықтық, әлеуметтік және психологиялық бағытта көмек көрсетіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Шара аясында отбасының қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Кездесу соңында барлық қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, отбасы – қоғамның берік іргетасы екендігін тағы бір мәрте атап өтті. Мұндай іс-шаралар ел ішіндегі бірлікті нығайтып, болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

«Шымкент келбеті»