ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚҚА САЙЛАУ ЖӘШІКТЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚҚА САЙЛАУ ЖӘШІКТЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Елімізде күндізгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың⠀51,98 пайызы сайлау бюллетендерін алған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының деп хабарлады. Ал Шымкентте қалалық перинаталдық орталықтағы аналар да саяси науқаннан қалыс қалмай, өз дауыстарын берді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
№230 сайлау учаскесі бойынша комиссия мүшелері босанған аналардың палатасына сайлау жәшіктерін жеткізді. Орталық қызметкерлерінің мәліметінше, дауыс беретін аналардың саны – 70. Оның 58-і босанған аналар.