Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев арнайы мобильді топпен бірге тойханаларға тексеру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ауданда той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында 24/7 кезекшілік етуде.
Рейд барысында ойын-сауық және сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Ірі ойын-сауық кешендеріндесатушылар мен тұтынушылардың медициналық маскасыз жүргені және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер жоқ. Бұл мәселе бойынша сауда орталықтың басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.
Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға медициналық маска тағу міндеттелген. Арнайы топ автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріп, карантин талабын сақтамаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті.