​Полиглот министрлердің рейтінгісі жарияланды

​Полиглот министрлердің рейтінгісі жарияланды

Елімізде министрлердің тіл білу деңгейі бойынша рейтинг жасалды. Онда 18 ведомство басшысының қанша тіл білетіні көрсетілген, деп хабаралайды Shymkentaqparat тілшісі Atameken.kz-ке сілтеме жасап⠀

Полиглот басшылардың тізімінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді көш бастап тұр. Ол қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін біледі. Ал Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін жетік меңгерген екен.⠀

Кейінгі сатыда қатарынан 4 тіл білетін ведомство басшылары тұр. Атап айтқанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.