Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтауын Шымкент әкімдігі ерекше форматта табыстады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Дария Пернешқызына Презденттің мерекелік құттықтауын Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбекұлы Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақ бортында табыстап, ерекше құрмет көрсетті.
Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Fаcebook парақшасында жазды.
«Президенттің құттықтау хаты келді. Шұғыл. Бүгін әкім тапсыруы тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының 4 хаты келіпті. Ала сала хат иелеріне хабарластым. Екі адресат қалада, екі ханым қалада емес екен. Содан апта басталғалы Президенттің аманатын тапсыра алмай жүргенбіз. ...Қай ұшақ екенін біліп алдым. Дәл осы ұшақпен Алматыға бір жиналысқа Мәди Манатбек Шымкент-Алматы ұшағында 10 мың метр биіктікте бүкіл салонға хабарлап, Президенттің құттықтауы мен қала әкімінің атынан Шымкенттің символы - бір шоқ қызғалдақ гүлін табыс етті», - делінген Шыңғыс Жұмабекұлының хабарламасында.
Айта кетейік, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мекерекелік Президент құттықтауы Дария Пернешқызымен қатар, опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы мен қоғам белсендісі Айгүл Орынбекке және олимпиада жеңімпазы, ұлт мақтанышы Әлия Жүсіповаға табыс етілді.