Президент қандай заңдарға қол қойды?

Президент қандай заңдарға қол қойды?

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Заңға қол қойды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;

Мемлекет басшысы «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.