Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Shymkenaqparat
– Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін! - деп жазды Президент Тwitter-парақшасында.