Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды" - делінген ресми хабарламада.