Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді запасқа шығару және наурыз – шілде, қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулы етті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жаңа қаулыға сәйкес:
1. Әскери қызметшілер 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, ҚР Ішкі істер министрлігі,ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті,ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне,ҚР Ішкі істер министрлігіне,ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті,ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне,ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған ҚР азаматтарын жөнелтуді және белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
Бұл Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.