«Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 41-бабы тәртібінде заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 41-бабы тәртібінде заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың 2023 жылғы 1 мамырда шетел азаматтарының елге келу тәртібіне қатысты халықпен талқылауды жүргізу туралы жалған мәліметтер таратылуда.

Осындай ақпаратты тарату жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген және қоғамдық тәртіпті бұзумен заңсыз бейбіт жиналысқа әкеп соғуы мүмкін.

Шымкент қаласының прокуратурасы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын әрекет болатындығын және Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Сонымен қатар, жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күн ішінде оны қарауға тиіс (Заңның 10, 11-баптары).

Рұқсат етілмеген акциялар өткізілген жағдайда қатысушылардың іс-әрекеттері заңды өрескел бұзу болып табылады.

Осыған орай, құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға ден қоюға және оларға шара қолдануға міндетті болады.

Акцияларға шақыру, ұйымдастыру, қатысу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Прокуратураазаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Шымкент қаласының прокуратурасы