7 мамыр – Отан қорғаушылар, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, қаламыздағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.
–Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен азаматшалар болса екен деймін. Осы мақсатта жастар арасында патриоттық іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз,- дейді «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Үсенбатыр Мырзамбайұлы.
Оқушылар Отан, туған жер, қайсар да батыл бабаларымыздың ерлігі жайында өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті.