Республика даңғылында жарықшамдар ауысты

Республика даңғылында жарықшамдар ауысты

Шымкент қаласының басты көшелерінің бірі болған Республика даңғылының кешкі шамдары жарықдиодты ЛЭД шамдарға ауыстырылды.

Бұған дейінгі жарықшамның қуаттылығы 15 люкс еді. Қазіргі орнатылған жаңа шамдардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.

Даңғыл бойындағы бағаналарға 296 кешкі шам орнатылса, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа жарықшам қойылды.

Қалада жыл соңына дейін 30 көшенің жарықшамы реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңасын орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар «ABM Building 2007» мердігер мекемесі тарапынан атқарылуда.

Көшелердің жарықтандыру дәрежесін 2023 жылы 70 % жеткізу көзделуде.