Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жаңартты

Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жаңартты

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ол ХХІ ғасырда мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы болды.

Бұл туралы Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы хабарлады.

Жалпы Роналду 1047 рет алаңға шыққан.

Рейтингтің екінші орнында "Реал Мадрид" пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Қақпашы ХХІ ғасырда 974 кездесуде ойнады, бірақ ол ХХ ғасырда тағы 74 матч өткізген. Барлық матчті есептесек, Касильяс Роналдудан (1048) бір рет қана алаңға артық шыққан.

IFFHS рейтингінде үшінші орында - Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес. Ол барлық матчін XXI ғасырда өткізген, барлығы - 969.