​Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

​Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайдыShymkentaqparat тілшісі қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің шешімімен Руслан Бекетаев 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Руслан Бақытжанұлының құзіретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны мен әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Ал Руслан Бекетаев ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр лауазымына тағайындалмастан бұрын жеті жылға жуық Қазақстан қаржы вице-министрі қызметін атқарды.