Рысқұлов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Рысқұлов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Шымкентте Рысқұлов көшесіндегі жолайрық құрылысына байланысты көліктер қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов баспасөз брифингте айтты.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, бүгінде Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсыновтан Дулати көшесіне дейін жолдың ені кеңейтіліп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қаралған. Басқарма басшысының сөзінше, Қонаев даңғылы биыл 15 қыркүйекте ашу жоспарланып отыр.

–Жолайрықтың көпір өткелін, (көпір балкаларын орнату) жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектеу қажеттігі туындап отыр. Нысанды айналып өту үшін көліктер қозғалысы уақытша Байтұрсынов, Байырқұм, Жандосов Дәулетұлы, Тұяқбаев, Береке, Жәнібеков, Дулати, Байзақұлы, Арғынбеков, Қазиев көшелерімен ұйымдастырылатын болады,-деді Е.Жолдасов.

Дулати көшесінің Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылы аралығы көліктер қозғалысы үшін екі бағытта ұйымдастырылады.

Байтұрсынов көшесімен көліктер қоғалысы Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейін бір бағытта ұйымдастырылады, тек қоғамдық көліктер екі бағытта қозғалатын болады.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы 2021 жылдың 30 шілдесі сағат 23:00-ден 15 қыркүйекке дейін шектеледі.

–Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз. Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз,-деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, Рысқұлов – Қонаев көшелерінің жабылуына орай 14 қоғамдық көліктің бағыты өзгереді.