ШАҺАР БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНА ҚАРАСТЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

ШАҺАР БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНА ҚАРАСТЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарға қарасты “Арғымақ”, “Ақтас -1”, ”Ақжар” еді мекендеріне барып, жол сапасын тексерді.

Ақжар тұрғын алабында жолдардың жалпы ұзындығы 26,2 шақырымды құрайды. Оның 5,7 шақырымына шағал тас, 19,6 шақырымына асфальт жабыны төселген, қалған 0,9 шақырымы топырақ жол.

Ал Ақтас-1 елді мекеніндегі жолдардың ұзындығы 11,3 шақырымды құраса, оның 1,1 шақырымына асфальт жабындысы, 10,2 шақырымына шағал тас төселген. 0,2 шақырымы топырақ жол.

“Арғымақ” елді мекеніне қарасты жолдардың ұзындығы 6,2 шақырымды құраса, оның 5,8 шақырымына шағал тас төселген, 0,4 шақырымы топырақ жол.

Бұл туралы қала әкімінің аралауы барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Саттиллаұлы баяндады.

Атап айтқанда, Жеңімпаз, Байеділ, Белдеутас, Белқұдық, Саумалкөл,Айыртау, Сұлутөбе, Тоқбергенов, Қазақстан 60 жыл, Сейфуллин, Қорғалжын, Шаңдыкөл, Жетіқара, Өркен және №3, №4 көшелерде жол құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып ел игілігіне пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы аумағында жол құрылыс жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.