Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Аталған мекеме биыл “Балалар жылы” аясында ашылып отыр. Мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай станционарлық жағдайда күндізгі 4 сағаттық тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді. 110 баланы қабылдауға арналған.
Орталықта кәсіби мамандандырылған психиатр, невропатолог, логопед-дефектолог, психологтар қызмет көрсетеді. Қажетті барлық жағдай жасалған. Интерактивті, АВА топтық және жеке қабылдау бөлмелері, сондай-ақ, қосалқы білім беру, лего және робототехника тігін шеберханасы, АРТ-терапия, ағаш шеберханасы, музыкалық кабинеттермен қамтылған.
Мекеме жұмысымен танысқан қала әкімі ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығының маңызы ерекше екендігін атап өтті.
– «Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың мәселелерін шешу - мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осының негізінде «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет аясын кеңейтіп, жетілдіріп отырмыз. Балаларымызға барынша көмек беріп, ата-аналарға қолдау таныту - басты міндетіміз»,- деді М.Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, қазір орталықта 21 бала оңалтудан өтуде.
Осыған дейін арнайы қызметтерге қол жеткізе алмаған ата-аналар орталықтың білікті мамандарынан тегін әлеуметтік-психологиялық көмек түрлерін ала алады.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би, 77 “А”.