​ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ МИНИСТР ТЕКСЕРДІ

​ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ МИНИСТР ТЕКСЕРДІ

Шағын аудандардағы байланысты министр тексерді

Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мегаполистегі байланыс сапасына да назардан тыс қалдырған жоқ.

Іс-сапар барысында Тұран және Шымсити шағын аудандарындағы интернет-байланыс жүйелерін бақылап, жауаптылармен кездесу өткізді. Министр өз сөзінде сенімді байланыс өңірді цифрландырудың және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды элементі екенін айтты.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының шалғайдағы шағын аудандарына жоғары жылдамдықты интернет белсенді түрде қосылуда. Министрлік жүргізген интернет пен ұялы байланыс сапасына жасалған талдау жеткіліксіз қамтылған аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Туындаған мәселелерді тиімді шешу жолдары алдағы уақытта жоспарлы түрде жүргізілмек.

«Шымкент келбеті»