Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы ерекше жүргізілді. Яғни, партия тізімімен сайлап отырмыз. Сонымен қатар әлемдік пандемияға байланысты өзгешеліктер болғанымен, сайлау жақсы деңгейде өтті. Үшінші мегаполисте 348 644 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасады, – деді Қайырбек Көбекұлы.
Спикердің сөзінше, «Nur Otan» партиясына 261 213 (78,63%), «Ақ жол» ҚДП-на 31 876 (9,60%), «Ауыл» ХДПП-на 31 355 (9,44%), Қазақстанның халық партиясына 4 351 (1,3%) және «ADAL» саяси партиясына 3 411 (1,03%) адам дауыс берген. Бұл азаматтық таңдау санитарлық нормаларды сақтай отырып, қала бойынша 312 сайлау учаскесінде жүргізілді.
Айта кетейік, бұл – алдын ала жасалған мәлімдеме. Ал хаттаманың түпнұсқасына сай анық қорытынды екі күннен кейін шығады.