Шалғайда орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды

Шалғайда орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды

Сайрам тұрғын алабындағы №3 қалалық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппараты орнатылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жаңа қондырғыны алу үшін жергілікті бюджеттен 160 млн. қаржы бөлінген.

Медициналық ұйымға орнатылған қондырғы арқылы дәрігерлер ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілетін науқастарды диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, медицина мамандары КТ-ны қолдана отырып. азаматтарды жоспарлы тексеруден өткізуге толық мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, №3 қалалық аурухана көп салалы болғандықтан, мұнда 56 орындық перзентхана бар. Медициналық ұйымда балалар, хирургия, терапия, неврология, реанимация сынды бөлімшелер жұмыс істейді. Биыл наурыз айында ауруханада қосымша нейрохирургия бөлімін ашу жоспарлануда.