Самат Смақов «Ордабасыны» жаттықтырады

Самат Смақов «Ордабасыны» жаттықтырады

Қазақстан футбол құрамасының экс-капитаны Самат Смақов шымкенттік «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабына кіреді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Телеграмм парақшасында мәлімдеді.

Спорт сарапшысы ертең, яғни 30 қаңтарда Шымкент клубының Түркиядағы жаттығу алаңына Самат Қабирұлы баратынын айтқан. Ол «Ордабасының» жаңа бас бапкері Александр Седневтің көмекші ассистенті болмақ.

Айта кетейік, Смаков кезінде «Ордабасы» клубының капитаны болған.