Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты «Самғау сенім» орталығын аралап, қызмет сапасын бақылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Самғау Сенім» орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді.
Бүгінде дағдарыс орталығында түрлі қиындықтарға душар болған 25-ке жуық қыз-келіншек пен балалар қызмет алуда. Барлығы да әлеуметтік және құқықтық қамқорлыққа мұқтаж.
Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандармен мұнда 9 бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Олар әлеуметтік-құқықтық бағыт бойынша орталық заңгерлері тарапынаннеке бұзу, алиментке құжатты рәсімдеу, баланың туу туралы куәлігі мен сот шешімінің көшірмесін алу, бұғатталған жеке есеп шотты ашу, қызмет алушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарына сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар психолог мамандар олардың күйзелістен шығып, қайта аяққа тұруларына кәсіби тұрғыда жәрдемдеседі.
«Самғау Сенім» орталығы 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында579 адамға пана болып, әлеуметтік көмектер көрсетілген. Ал жыл басынан бері 311 адам қызмет алған.
Кездесу барысында қызмет алушылар тарапынан айтылған өтініш-ұсыныстар басқарма басшылығымен бақылауға алынды.