«Шаңырақ» бағдарламасы арқылы баспана берілуде

«Шаңырақ» бағдарламасы арқылы баспана берілуде

Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасының негізгі тізіміндегі төлем қабілеттігін растаған, алайда әлі пәтер іздеу үстінде немесе негізгі тізімде, әлі банкке келмеген азаматтар «Шаңырақ» бағыты арқылы беріліп жатқан баспаналарды 2 пайыздық жеңілдетілген көрсеткішпен ала алады.

Бағасы нарықтан төмен баспананы алу үшін baspana.otbasybank.кz сайты арқылы азаматтар өз өтініштерін жолдай алады. Егер азаматтардың төлем қабілеттігін растағандығы бойынша 6 айлық мерзімі аяқталмаған болса, ол азаматтар үшін қайта төлем қабілеттігін растау қажет етілмейді.

Шаңырақ бағдарламасы бойынша берілетін үйлерге тікелей сатылым бойынша өтініш ағымдағы жылдың 15 қыркүйектен-13 қазан аралығында жүргізілуде.

Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, «Бақытты отбасы» бағытына қатысқан, алайда қосымша (резерв) тізімде болған азаматтар жалпы шарттарға сай өтініш бере алады. Яғни, ол азаматтар үшін Шаңырақ бағдарламасы бойынша алғашқы жарна 10 %, несие 5 %-бен беріледі.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағытының негізгі тізіміндегі төлем қабілеттігін растаған алайда пәтер іздеу үстіндегі азаматтар «Шаңырақ» бағыты арқылы 2 пайыздық жеңілдетілген көрсеткішпен баспаналы болуы биылдан бастап жүзеге асырылуда.