СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық сотының судьяларымен кездесіп, сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы реформалар, жаңашылдықтар тақырыбында жиын өткізді.

Жиынға алқа төрағалары мен судьялары, жергілікті соттардың төрағалары және Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Сенатор жиында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізгелі тұрған өзгерістерден хабардар етті.

Сонымен қатар, алқа судьялары Назира Аманқұлова және Виталий Мирошников«Сот жүйесін реформалауға және практикада құқық қолдануға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау мәселелері» туралыбаяндамажасады.

Кездесуде қалалық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болғанын атап өтіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмалардың жүйелі орындалып жатқанын жеткізді.

«Шымкент келбеті»