Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. 2023 жылдың қарашысында іске қосылған сауықтыру кешені жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың қысқа мерзімде демалуы мен емделуін жүзеге асыру мақсатында жұмыс атқарып келеді. Мекеме 70 орынға лайықталып, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алған. Ем алушылар мекемеге түскен сәттен бастап дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулығы мен жасы ескеріліп, емдік іс-шараларды тағайындалады. Дәрігерлердің ұсынуынан кейін электромагнитті терапия, сумен емдеу, ЕДШ, дәрілік шөптердің тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, физиотерапия бөлмесінде электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық пен кереует, аяқ массажеры, тағы да мамандардың көмегімен емдік шаралар жүргізіледі. Қызмет алушылардың мәдени тынығуы үшін қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мекемесінің «Абай» атындағы №5 кітапхана бөлімшесімен меморандум түзіліп, бірігіп іс- шаралар өткізіледі. Кітаптар қорын кітапхананың осы бөлімшесі толықтырып тұрады. Демалушыларға 5 мезгіл уақытылы және ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады. Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы сауықтыру кешенін аралау барысында қызмет алушылар жасалып жатқан жағдай үшін алғысын айтып, өз ризашылығын жеткізді.
«Шымкент келбеті»