СЕНАТОРЛАР КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

СЕНАТОРЛАР КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Парламенті демалыста. Бірақ, депутаттар осы қолайлы сәтті пайдаланып, халықпен жүздесіп жүр. Халық қалаулылары елдің ұсыныс пікірін тыңдап, өзектісін Парламент қабырғасында көтереді. Осындай жақсы жүздесу сенаторлар Айгүл Қаппарова мен Әлішер Сатыбалдиевпен қаладағы Әл-Фараби атындағы кітапханада өтті. Сыр сұхбат түріндегі кездесуде Шымкенттен сайланған қос сенатор Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді. Кітапханашылардың айтары көп екен. Парламент қабырғасында кітапханашылардың жағдайы сан мәрте көтерілгені белгілі. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайлары әлдеқайда жақсарған. Кітап қоры айтарлықтай өскен. Алайда, қазақ тілді шығармалардың үлесі әлі де отыз пайыз күйінде қалып келеді. Методикалық-дидактикалық, ғылыми-зерттеу оқулықтары мемлекеттік тапсырыспен аз шығады.

«Шымкент келбеті»