Шежіре күні ұлттық құндылықтар ұлықталды

Шежіре күні ұлттық құндылықтар ұлықталды

16 наурыз – Шежіре күні. Шымкент қалалық орыс⠀драма театрының алдынан басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында жалғасты. «Шымкент цирк» мекемесі ұйымдастырған жиынға қаладағы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ұлтымыздың дәстүрін дәріптеп, шежіреміз бен тарихымыздан сыр шертті.⠀⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар Әл-Фараби бабамыздан бастап, Шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, қазақтың Домалақ анасы мен Қыз Жібегін көргендей болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған көш Арбат алаңын жүріп өтті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыздың басталғаны қаламызда ерекше сезіліп жатыр.⠀Бүгінгі Шежіре күнін пайдаланып, ұлылардың көшін ұйымдастырдық. Әр заманның сән-салтанатын көрсетуге тырыстық. Өскелең ұрпақ өткенімен, ата-бабаларымен мақтануы керек, - дейді «Шымкент цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Айта кетейік, Шымқалада Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі өтіп жатыр. Шежіре күні ел-жұрттың, жеті атаның шежіресі тарқатылып, тарихымыз дәріптеледі. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Арбат алаңында мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.