Синоптиктер:Аптап ыстық, бұршақ, нөсер жауады

Синоптиктер:Аптап ыстық, бұршақ, нөсер жауады

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде 24-26 шілде күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Мамандардың мәлімдеуінше, Қазақстанда атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. 24 шілдеде - батыста, 24-25 шілдеде - солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде - елдің солтүстігінде найзағай, жел соғып, нөсер жауады. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, солтүстікте ауа температурасы 32-40-тан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.

Ал 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, батыста нөсер болады. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста және оңтүстікте құмды дауылмен, республиканың батысы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал.