Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды shymkentaqparat
Жәрмеңке төменде көрсетілген мекенжай бойынша әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00 мен 15:00 аралығында өтеді.
Сәрсенбі күндері:
Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Фосфоршылар» мәдениет сарайының алдында (Қоғамдық көліктер: №10, 14, 27, 54, 93, 103, 110, 115).
Сенбі күндері:
Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионының алаңы аумағында (Қоғамдық көліктер: №10, 20, 43, 109, 120, 146).
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1001 ұсақ-түйек сауда қатарының алдында (Қоғамдық көліктер: №5, 20, 26, 45, 74, 87, 96, 102, 118, 143, 145, 182).
Жексенбі күндері:
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Нұрсәт" шағынауданы № 7/1 «Рахима Плаза» сауда кешенінің жанында (Қоғамдық көліктер: № 10,14, 20, 92, 93, 115, 147, 150)
Бүгін күннің суығына қарамастан «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында азық-түлік жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Түркістан облысының Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Төле би аудандарының кәсіпкерлері, шаруалары және жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруақожалықтар өз өнімдерін ұсынды.
Атап айтқанда 12 тоннаға жуық ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, құс еттері және шұжық өнімдері), 5 тоннаға жуық сүт өнімдері, 60 мың данаға жуық жұмыртқа, 20-30 тонна азық-түлік өнімдері (май, құмшекер, қант, картоп, пияз, макарон өнімдері және т.б.) және 40 тонна көкөніс, бау-бақша өнімдері сатылды.
Айта кетейік, жәрмеңке ұйымдастырудың басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының нарықтық құннан төмендігі және халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қаматамасыз ету, сондай-ақ делдалдық қызметті шектеу.