«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнге, яғни 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды shymkentaqparat
«Егер кезеңнің басында антициклон жотасы негізінен жауын-шашынсыз ауа райын елдің барлық аумағында сақтаса, 29 қаңтардан бастап Солтүстік-батыс циклон батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап оңтүстік облыстарға – Оңтүстік циклон әсер ете бастайды. Соның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, сондай-ақ температуралық фон айтарлықтай артады» - делінген kazhydromet.kz ресми сайтында.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 28-30 қаңтар күндері ауа райы болжамы +5-7℃ шамасында болмақ.
Фото: Самат Мырзалиев