​Әскердегі арулар «Жас Сарбаздармен» кездесті

​Әскердегі арулар «Жас Сарбаздармен» кездесті

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімі «Көрісу күні» мерекесіне орай №129 жалпы орта мектебіне қарасты «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Мен өз елімнің – Патриотымын!» тақырыбында өткізілген кездесуде нәзік жанды әскери қызметшілер өскелең ұрпаққа әскери өмірдің қызықтары мен қиындықтарын қатар алып жүрудің қыр-сырларын түсіндірді.

Әскердегі арулардың айтуынша, Отан сүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасы мектептен басталады. Әскер қатарында жүрген қаракөздердің мақсаты- жастарды Қазақстанның нағыз патриоты етіп тәрбиелеу.

Сұхбаттасу кешінде оқушылар әскери қызметтегі аруларға көкейдегі қызықты сұрақтарын қойып, өздеріне керекті тұжырымды жауаптарын алды.

«Бауыржан атамыздың «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып,жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу бүгінгі шараның басты міндеттерінің бірі. Біздер жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға үлгі бола алсақ ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз»,- деді қатардағы жауынгер Айдана Кенжебекова.

Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер әскердің қатаң тәртібіне төзіп, қызметте жауынгерлік міндетін абыроймен орындау арқылы көпшілікке үлгі болып келеді.

Фото: Мақсат Жақсыбек