AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курстары жалғасын табуда. Әлеуметтік жобаның Тұран ауданы бойынша қаржы сарапшысы Жұлдыз Асқарова ҚР Ұлттық Ұланы 6506 әскери бөлімінде 5 күн бойы арнайы оқу курсын өткізді.
Қаржы сарапшысы әскери бөлімнің қызметкерлері, жас сарбаздарға жеке қаржыны басқару, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша дәріс өтті. Жоба ақпан айында басталған болатын. Ж.Асқарованың айтуынша, бағдарлама аясында Шымкент қаласы бойынша бүгінде 7500-ге жуық азамат қаржылық сауаттылық бойынша дәріс алды. Олардың арасында өз кәсібін бастап, мемлекеттік грант иегері атанғандар жетерлік.
«Қарызсыз қоғам» – қала тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба. Онда бизнес жоспар құру, жеке қаржыны басқару, инвест жолдарды тану, тағы басқа тақырыптар аясында 5 күн тегін сабақ жүргізіледі.
Әскери бөлімде курсқа қатысушы азаматтар ендігі ретте ақшаны инвестицияға салып, бизнес жобаны іске асыру ниеттері бар екенін жеткізді.
«Шымкент келбеті»