Шымкент қаласының 35 748 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Аға сержант Назима Қалмұратова мен кіші сержант Әйгерім Қалиева бөлім біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді.
Өңірлік жарыстар кезінде үміткерлерге психологиялық тестілеу, дене дайындығы бойынша нормативтер, ату жаттығуларын орындады.
Алдағы сайысты жақсы нәтижелерді көрсету үшін қыздар бір ай бойы «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бірнеше қару-жарақпен жаттығу жасап, дайындалды. Қыздар әртүрлі қашықтықтарда орналасқан нысаналарды бағындыруды меңгерді, ал ең алшақ орналасқан нысананың қашықтығы 800 метрге жетті.
Айта кетсек, «Мергендер шебінің» өңірлік кезеңі «Отар» 40-шы әскери базасының оқу полигондарының бірінде өтеді. Ал 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жыл сайын онда жақсы нәтиже көрсетіп келеді.