Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін «TOLEM» қосымшасы әзірленді,-деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы «Төлемнің» әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«TOLEM» картасын сатып алғаннан кейін картаны қосымшаға тіркеу қажет. Бұл картаны жоғалтып алған жағдайда теңгеріміңіздегі қаражатты басқа картаға аударып алуға мүмкіндік береді.
Смартфонға арналған «TOLEM» қосымшасы арқылы
–TOLEM картасындағы теңгеріміңізді тексеруге;
–Жасалған төлемдердің тарихын көруге;
–Картаға онлайн қаражат салуға;
–Жолақысын QR код арқылы төлеуге болады.
Жаңа қосымша әзірге тек ANDROID қолданушыларына қолжетімді.
iOS қолданушылары үшін сәуір айының соңында AppStore арқылы жүктеуге болады.