Соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылды

Соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылды

Кейінгі 10 жылда елдегі балалар үйінің саны 2 есе, ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осындай статистика келтірді.

- Республикада балалардың құқығын қорғау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Осы мәселе бойынша Президент тапсырмаларының шеңберінде жаңа заңнамалық нормалар қарастырылуда. Кейінгі екі жыл ішінде ұлттық заңнамаға 83 жаңа түзету енгізілді. Соның ішінде 2020 жылдың өзінде балалардың құқығын қорғау үшін 22 нормативтік-құқықтық акт қабылданды, - деді министр.

Оның айтуынша, кейінгі 10 жылда балалар үйлерінің саны 210-нан 96-ға дейін немесе 2 есе, ондағы тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайған.

- Ал соңғы үш жылды алсақ, 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайып отыр. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына бейімделді. Бала асырап алатын ата-аналарды міндетті түрде даярлықтан өткізу үшін «Бала асырап алшуылар мектебі» институты енгізілді, - деді Білім және ғылым министрі.