Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Солтүстік саяжай шағын ауданын табиғи газбен қамту барысын тексерді. Қазір сығымдау жұмыстары жүргізілуде.
Жуырда белгіленген орындарға абоненттік газ реттегіш шкаф пункттері орнатылады. Құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады.
Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.