Шымкент қаласындағы Көрме орталығында үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов биыл спорт саласында жетістікке жеткен үздіктерді құттықтап, марапаттарын табыс етті.
Мақсұт Пернебайұлы спортшыларды қолдау жалғаса беретінін атап өтті.
— Биыл қала спортшылары әлемдік спорт сайыстарында үздіктер қатарынан көрінді. Әлем және Азия чемпионаты, Гимназиада ойындарынан жеңіспен оралды. Шаhарда бұқаралық спортты және жоғары спорт шеберлерін даярлауда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қолдау жеткілікті. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады, - деді қала әкімінің орынбасары.
Жиында әлемдік деңгейде жетістіктерге жеткен және еліміздің спортын дамытуға елеулі үлесін қосқаны үшін спортшылар мен бапкерлер, спорт саласының қызметкерлері Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісімен, Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, Олимпиадалық, Олимпиадалық емес спорт түрлері, ұлттық спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшысы, үздік жаттықтырушы, үздік спорт мекемемесі, үздік спорттық федерация номинациялары табыс етілді.