Шығыс айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

Шығыс айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

Шымкент қаласында Шығыс айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде (№ 1 автожолдан Жібек жолы көшесіне дейін).

2021-2023 жылдарға жоспарланған жол-құрылысының ұзындығы – 3,98 шақырым. Жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС. Ал жобалаушы мекеме – «Улмад» ЖШС.

Қазіргі таңда аталған нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.