«Шымсити» саябағында өткен «Шым қала кештері» концерттік іс-шарасы қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының өнерпаздары көпшілікке қойылымдарын ұсынып, жергілікті әншілер эстрадалық әндерін тарту етті.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына ерекше мәдени демалыс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Шым қала кештері» атты OPEN AIR форматтағы концерттік іс-шараларын 27 шілдеден бастап ұйымдастырып келеді.
Аталған іс-шара қаланың түрлі саябақтары мен гүлзарларында әр сенбі сайын тұрақты түрде өтуде.
Бүгін де «Шым қала кештері» концерттік іс-шарасы бір мезгілде қаланың бес нүктесінде өтті. Атап айтқанда, А.Асқаров атындағы Дендросаябақта,«Кең баба» саябағы, «Көл» демалыс аймағы, Орталық саябақта қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мерекелік бағдарламасын ұсынды.
«Шым қала кештері» концерті қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени іс-шаралар арқылы жағымды эмоциялар мен рухани демалыс сыйлауды көздейді. Іс-шара күзге дейін жалғасады.
«Шымкент келбеті»