Шымқаланың шаруашылығы шарықтап келеді

Шымқаланың шаруашылығы шарықтап келеді

Шымкентте биыл ауылшаруашалық саласында 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде қалалық Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.

Құны 16,3 млрд. теңгені құрайтын 28 жобаны жүзеге асыру арқылы 1 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

- Биыл қалада аумағы 241 гектар жерге 3 алма бауын егу қолға алынады. Сонымен бірге аймақта балық шаруашылығына қызығушылық білдіріп жатқан кәсіпкерлер аз емес. Осы бағытта 2 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Мұнымен қоса 1700 бас ірі қара бордақылайтын 10 жоба және 2 сүт фермасын іске қосу жоспарда бар, - деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда қала аумағында 136 гектар жерге жылы жай салу жұмысы басталып кетті. Жоба ІІ кезеңде жүзеге асады. І кезеңде инфроқұрылымды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.