Шымкен : Карантин талаптарын сақтау бойынша мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда

Шымкен : Карантин талаптарын сақтау бойынша мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда

Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан шаһардағы нысандарға санитарлық-дезинфекциялық және карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Арнайы құрылған мониторингтік топтың құрамында учаскелік полиция инспекторы, аудандық әкімшіліктің, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен қалалық прокуратураның өкілдері бар.

Жалпы қалада мобилдік топ мүшелері рейдтік іс-шаралар жүргізіп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу бойынша 2021 жылдың басынан осы күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бап бойынша барлығы 1017 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде:

- Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер – 310;

- Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсемдік салондарда – 63;

- Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 133;

- Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда – 508;

- Басқа да орындарда – 3;

- Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін – 716.

Тәртіп бұзушылықтар сауда орталықтарында, дүкендерде, кафе, тамақтандыру мекемелерімен басқа да қоғамдық орындарда орын алуда.

Әсіресе, түнгі мезгілдерде ойын-сауық орындары, сауналар мен букмекерлік кеңселер жұмыс істеуін тоқтатар емес.

Бұдан бөлек, аталған мекеме қызметкерлерінің бетпердесіз жұмыс атқарып жатқаны анықталуда. Адамдардың арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және бекітілген жұмыс уақыты сақталмауда.

Карантин талаптарын сақтамаған 1017 бұзушылыққа қатысты барлық іс-құжаттар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабына сәйкес Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.