25-қаңтарда Шымкент жастарына жалға берілетін тұрғын үйлерге құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды shymkentaqparat
Өтінімдер:
- Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
- Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
- ҚР аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;
- Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.
Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға беріледі. Биыл 300 жасқа жалдамалы пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде 195-і 1 бөлмелі болса, 105-і 2 бөлмелі пәтер.
Өтімдер 25 қаңтар, сағат 00:00-де басталып,
27 қаңтар, сағат 00:00-де аяқталады.
Құжаттарды қабылдау shymkent-baspana.kz порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) жеке куәлік;
3) білімі туралы құжат;
4) неке қию туралы куәлік (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігі (бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы 6 ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9) Соңғы 6 айдағы еңбек кітапшасы мен зейнетақы қорының анықтамасы;
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Айта кетейік, жастарға үлестірілетін 300 үй 15 наурызға дейін «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағын аудандарынан беріледі.