Мегаполисте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 31 794 млн теңгені құрайтын 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
2021-2025 жылдарға арналған жобалар іске асса, жаңадан 830 жұмыс орны ашылатын болады. Ал қаладағы көкөніс өндіру көлемі - 35 мың тоннаға, қарқынды бау алаңы - 441 гектарға, қайта өңдеу саласы-27,4 мың тоннаға ұлғаяды.
Бұдан бөлек өндірілетін еттің көлемі - 5,4 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі - 15 млн данаға және бройлер құс еті - 500 тоннаға дейін өсіп, қалада өндірілетін балық өнімі - 100 тоннаға дейін жетпек.
Айта кетейік, жоспарға сәйкес өндірістік жылыжай кешендеріне - 10 жоба, қарқынды бау - 4 жоба, қайта өңдеу саласы - 4 жоба, мал бордақылау алаңдарын құру - 3 жоба, тауарлы сүт фермаларының өнімін арттыру мақсатында 4 жоба, жұмыртқа өндірісі және балық шаруашылығында 8 жоба жоспарланып отыр.