1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа қатысты тың дерек жарық көрді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мемлекеттік архив 1928 жылғы төте-араб тілінде жазылған құжаттарының түп нұсқасы мен аудармасын жариялады. Ол құжаттарды Сырдария округіндегі тұрғындардың мал-мүлкін тәркілеу кезінде Қызылқұм ауданының 9-шы ауыл азаматтары жолдаған.
Бұл жазбаларды Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ғылыми қызметкерлері Ғ.Қасымханұлы мен Ү.Арыстанов кириллицаға аударған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында сол кездегі ашаршылық жайында сөз еткен болатын.
- Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден қанша есе көп болар еді, - деп атап өткен болатын.