​Шымкент: аудандық әкімдіктердің рейтингі шығарылды

​Шымкент: аудандық әкімдіктердің рейтингі шығарылды

«IKOMEK» біріңғай байланыс орталығы ашылған уақыттан бастап аудандық әкімдіктер бойынша тіркелген өтініштердің орындалуына байланысты аудандық әкімдіктердің рейтингі шығарылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шымкент ситуациялық орталығында тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында тұрғындардың ұсынысы мен өтініштеріне сапалы әрі уақытылы жауап беруі бойынша күнделікті мониторинг жасалады.

Қазіргі таңда, «IKOMEK» біріңғай орталығына тұрғындардан келіп түсетін негізгі шағымдар - қоғамдық көлік, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік төлемдер мен жол құрылысы.

Айта кетейік, ситуациялық орталыққа тәулігіне 1000-ға жуық өтініш келіп түседі. Оның 60 пайызы қанағаттандырылса, қалған 40% 7-14 күн аралығында қаралады.

Орталыққа хабарласудың бірнеше жолдары бар:

1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне хабарласу;

2. +7 77 77 109 109 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу;

3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;

4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.