Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты.
Тұрғын алапта №109-117 аралығындағы 10 көпқабатты үйдің ауласы «Build Stroi» мердігер мекемесінің демеушілігімен абаттанып, көгалданған.
Аулалардың 13 880 шаршы метр аумағына су құбырлары тартылып, кіші су бұрқақтары орнатылды. Балалар ойын алаңшасының элементтері қайта сырланып, газон мен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған.
Қаламыздың дамуы мен тұрғындарға жайла орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанын айтқан қала басшысы, мұндай игі істер үшін мердігерге алғысын айтты.