​«Шымкент Барысы - 2021» анықталды

​«Шымкент Барысы - 2021» анықталды

Шымкент қаласында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Байрақты бәсекеде жалпы 30-ға жуық балуан белдесті. Олардың қатарында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі мен №10 ОРБЖСМспортшылары да бар. Биылғы жарыста Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз деп танылып, «Шымкент барысы» атанды. Ал Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-2 орынға ие болған балуандар шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласының намысын қорғайды.