​Шымкент-Цирк «Аңдарсыз» қойылым көрсетті

​Шымкент-Цирк «Аңдарсыз» қойылым көрсетті

Шымкент-Цирк ерекше шоу, жаңаша формат, жағымды эмоцияларға толы қызықты әрі қауіпті нөмірлерін көрерменге тарту етті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Өнер майталмандары 5-6-7-ші наурыз күндері әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің элементтерін пайдалана отырып, жаңа қойылым қойды. Онда акробаттар және клоундардың күлкіге толы жаңа репризалары сахналанды.

– Наурыз мерекесіне үлкен бағдарлама дайындап жатырмыз. Цирк өнерін жаңғырту, түрлі тәжірибелерді енгізуде бірқатар жоспарларымыз бар. Өкінішке қарай,бізде мамандар жетіспейді. Бұл өнерге еңбекқор жастарды тартуымыз керек. Болашақта мамандарға жатақхана салу бойынша ұсыныстарымыз бар. Жатақхана салу – уақыт талабы. Осы мәселелерді талқылау үшін мамандарды арнайы шақырттық, –деді Цирк директоры Нұрлан Әділханов.

Айта кетейік, «Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылды өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастады. Ендігі кезекте клоунада және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытпақ.